2025 жылдың 25 желтоқсан күні «Арт Тұмар» сәндік-қолданбалы өнер орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында педагогтер мен оқушыларға арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
2025 жылдың 25 желтоқсан күні «Арт Тұмар» сәндік-қолданбалы өнер орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында педагогтер мен оқушыларға арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Кездесу барысында Нұра ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерімен таныстырып, тұрмыста және білім беру ұйымдарында жиі кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат берді.Сонымен қатар өрт шыққан жағдайда эвакуациялау тәртібі, алғашқы әрекеттер және өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану жолдары жан-жақты түсіндірілді.Түсіндірме жұмыстарын Нұра ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженер-лейтенанты Қамаш Досжан Жандосұлы мен инженер-капитан Айтмағанбет Нұрсұлтан Арғынғазыұлы жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.