9 ақпан күні апталық іс-шаралар шеңберінде «Қазақ ұлттық аспаптар» сыныптары ұйымдастырған «Аспаптар шеруі» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын таныстыру, олардың дыбыстық ерекшеліктерін (тембрін) ажырата білуге баулу және ұлттық өнерге деген қызығушылықты қалыптастыру.
Заманауи талаптарға сай бұл шарада жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, сайыс өте әсерлі әрі қызықты өтті. Атап айтқанда, Gemini – Story Book ресурсы және «Дыбыс арқылы аспап атауын тап» атты ойын барысында Plickers карталары пайдаланылды.
Оқушылар тапсырмаларға белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен қызығушылықтарын айқын көрсетті. Сонымен қатар, бөлім педагогтері ұйымшылдық танытып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне белсенді үлес қосты.Танымдық әрі мазмұнды өткен бұл шара ұлттық мәдени мұраны насихаттауға бағытталды.