Мектебіміздің 21 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған мерекелік концерт
Бүгін мектебіміздің 21 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Бұл айтулы күн – өнерге құштар оқушылар мен ұстаздардың еңбегін, мектеп жетістіктерін дәріптейтін ерекше мереке болды.
Концерт барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, сахна мәдениетін жоғары деңгейде таныта білді
Мерекелік шарада мектеп директоры Дүйсен Назгүл құттықтау сөз сөйлеп, мектептің 21 жылдық тарихына тоқталып өтті. Ол өз сөзінде мектептің дамуына үлес қосқан ұстаздарға алғыс білдіріп, оқушыларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тіледі.