«Музыка әлеміне саяхат»

«Музыка әлеміне саяхат»

10 ақпан күні №2 өнер мектебінің ашылғанына 21 жыл толуына орай өтіп жатқан апталық аясында теориялық пәндер бойынша «Музыка әлеміне саяхат» атты командалық сайыс ұйымдастырылып өтті. Іс-шара КВИЗ форматында өтті және оқушылардың қызығушылығын арттырып, пәнге деген ынтасын күшейтуге бағытталды.

Сайыстың мақсаты – оқушылардың командалық жұмыс дағдыларын дамыту, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сондай-ақ сольфеджио және музыкалық әдебиет пәндері бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту болды.

Сайыс барысында қатысушылар:

музыкалық терминдер мен ноталық сауатқа байланысты сұрақтарға жауап берді;

музыкалық шығармалар мен композиторларды тануға арналған тапсырмалар орындады;

ойлау қабілеті мен зейінді дамытуға арналған логикалық тапсырмалар шешті;

жылдамдық пен тапқырлықты талап ететін қызықты кезеңдерге қатысты.

Командалар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әсіресе «Музыкалық викторина» кезеңі оқушыларға өте қызықты болып, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеуге, музыкалық ой-өрісін кеңейтуге және пәнге деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік болды.