«Қыз еркем, анасымен көркем»

«Қыз еркем, анасымен көркем»

Мерекелік кештің басты мақсаты – ана мен қыз арасындағы сыйластықты арттыру, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қыз балалардың өнерін, инабаттылығы мен шығармашылығын дамыту болды.

Іс-шара әуезді әнмен ашылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Байқауға мектептің әр бөлімінен өнерлі оқушылар аналарымен және әжелерімен бірге қатысып, өзара үйлесім мен жарасымды жұп екендіктерін көрсетті.

Байқау барысында әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін, ұлттық нақышты сақтауын, ана мен қыз арасындағы үйлесімділікті әділ бағалады. Нәтижесінде барлық жұптар дипломдармен марапатталып,арнайы сыйлықтармен табысталды.

Кеш соңында аналарға арналған жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күймен қорытындыланды.

Бұл іс-шара – ананың мейірімі мен қыздың нәзіктігін ұштастырған, өнер мен тәрбиені сабақтастырған тағылымды кеш болды.