«Шабыт сәулесі» атты шығармашылық-танымдық сағат өтті
Танымдық сағат барысында «Қайта өңдеу сәні» тақырыбы кеңінен ашылды. Оқушылар өз қолдарымен джинсы мен қалдық маталардан заманауи дизайн үлгілерін жасап көрді. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегі арқылы қайта өңделген материалдардан жасалатын сән үлгілері көрсетіліп, оқушылардың шығармашылық ойлауына ерекше серпін берілді.Іс-шара өте қызықты әрі әсерлі өтті, оқушылар белсенді қатысып, өз идеяларын ұсынды. Өткізген: И.Халиева, Б.Акимжанова