2 наурыз  күні  әдістемелік кеңес отырысы

2 наурыз күні әдістемелік кеңес отырысы

Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша «Педагогтің кәсіби еңбегінің сапасын арттыру, шеберлігін шыңдау жолдары» тақырыбында мектеп директоры Н.Ж.Дүйсен мектеп ұжымына кәсіби шеберлікті шыңдау, жоспарлы түрде ұдай кәсіби жолында өсу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығына сәйкес Қосымша білім беру педагогінің лауазымдық міндеттері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық әдеп» 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 Бұйрығы негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Биылғы оқу жылында өздеріңің әдістемелік құралдарын жазған педагогтер Жанназаров К., Жеңіс А., НұрманӘ., Усенова Д. өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Әдістемелік құрал жазудағы басты мақсаттары мен тақырып таңдаудағы өзектілігі неде деген сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар педагогтер Нұрман Ә.Н., Нурмашева А.А. «Білім берудегі жасанды интеллект» атты баяндама оқыды. Баяндама мазмұны педагогтердің 2026 жылдың 10-15 ақпан айында Дубай қаласындағы Мердок университеті (Murdoch University Dubai) ұйымдастырған «Білім берудегі жасанды интелект» тақырыбындағы халықаралық семинар лекциясында алған тағылымдамаға негізделген.

Директордың орынбасары Баишева Г.М. «Педагогтердің әдістемелік іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат» тақырыбында есеп берді. Онда 3 тоқсан бойынша ұжымдағы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруы, шеберлік сыныптар, қалалық және мектепішілік деңгейдегі өткен байқаулар, семинар-практикумдер туралы қамтылған.