«Сан қырлы сурет өнері» атты мәдени-танымдық іс-шара

«Сан қырлы сурет өнері» атты мәдени-танымдық іс-шара

13 ақпан күні №2 өнер мектебінің «Көркемсурет» сыныптарының оқушылары мен педагогтері Р.Шарипов, Р.Қуанов және Қ.Жәйірбек Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК ұйымдастыруымен өткен «Сан қырлы сурет өнері» атты мәдени-танымдық іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар бейнелеу өнерінің түрлі бағыттарымен танысып, көркем шығармалардың мазмұны мен орындалу ерекшеліктері туралы құнды ақпарат алды. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бұл кездесу мазмұнды әрі әсерлі өтті.