«Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер»

«Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер»

Мектепішілік семинар-практикумнің 1 –ші күні «Жасанды интеллект дәуіріндегі педагог» атты тақырыпта спикер ретінде педагог-тәлімгер Кумисбекова Ж.С. және педагог-тағылымдамашы Майданова С.К. «Білім берудегі және өнімді басқарудағы жасанды интеллект» тақырыбындағы халықаралық курс қорытындысы бойынша пікіралмасу өткізді, ал педагог-тағылымдамашы Бектеміс А.М. «Музыка сабағында жасанды интеллект мүмкіндіктері: жаңа әдістер мен құралдар» тақырыбында әдістемелік баяндама оқыды, қосымша білім беру педагогтеріне арналған бірқатар ЖИ түрлері пен заманауи платформалардың тиімділігі туралы сөз сөйледі. Педагогтер жас мамандарға өз пікірлерін айтты, өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар жас мамандардың өзара сабақтарға қатысып, сабақты бағалау парағын толтыру жұмыстары педагог-тәлімгерлер Жусупбекова Б.К., Айжарыков Н.У. және педагог-тағылымдамашылар Қожамқұл Ж.Б., Өтепбергенов М.А. жүктелді. Апталық соңында сабақты бағалаудың қорытындысы шығатын болады.

Әдістемелік апталыққа қатысушы жас мамандарымызға шығармашылық табыстар тілейміз!