Участие в инновационной и экспериментальной деятельности, социальных/образовательных проектах
2020-2021 ж. (қалалық деңгей)- - 2020-2021 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және білім бөлімінің қолдауымен астаналық №2 Өнер мектебінде «Арт-Тұмар» сәндік қолданбалы өнер орталығы ашылды. Жобаға 560 шаршы метрлік ғимарат ұсынылды және заманауи құрылғылармен, техникалармен жабдықталды. Жобаның негізгі мақсаты - жас ұрпақты ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, сондай-ақ алдыңғы ұрпақтардың халықтық қолданбалы өнері негізінде тәрбиелеу, мәдениетін білетін азамат тәрбиелеу, қолөнерді құрметтеуді және оны заман талабына сай қолдана білетін ұлт жанашырын тәрбиелеу.Білім алушылар қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар сәндік-өолданбалы өнердің түрлі түрлерін үйренеді, әлемдің өркениеттің бай қазынасымен, оның ішінде ғасырлар бойғы өнерімен танысады.
Жоба бағыттары:
«Құрақ құрау және кесте тігу өнері»;
«Ағашты көркем өңдеу»;
«Зергерлік өнер»;
«Көркем қыш өнері»;
«Көркем тоқыма өнері»;
«Теріні көркем өңдеу»