Участие в инновационной и экспериментальной деятельности, социальных/образовательных проектах

Участие в инновационной и экспериментальной деятельности, социальных/образовательных проектах

2022-2023 ж. (халықаралық деңгей ) - «Өнер - өмір өрнегі» халықаралық жоба негізінде 2023 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің №2 өнер мектебі және Якутск қаласы, Саха (Якутия) республикасының өнер мектебінің арасында телекөпір-кездесу өтті. Бұл біздің тәжірибеміздегі халықаралық деңгейдегі алғашқы кездесу, сондықтан ол жемісті болады және болашақта өз жалғасын табады деп үміттенеміз.

Телекөпірдің мақсаты: оқушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы, Қазақстан-Саха елдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, Саха ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу. Бір жарым сағат ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен № 2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, нәтижеге бағдарланған қосымша білім беру бағдарламаларымен танысты. Телекөпір барысында арнайы қонақтар шақырылды, яғни олар Қазақстанның мақтанышы Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Айтпаева Светлана Ермековна және Қазақстанда тұратын саха өкілі Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, @bilim_sakha_kz компаниясының негізін қалаушы, EdTech жас кәсіпкер Дайаана Портягина.

Кездесу қонақтары музыка өнерінің шексіздігі, Қазақстан - Саха ұлттық аспаптары мен фольклорының ұқсастықтары туралы сөз қозғады, оқушыларға шығармашылық табыстар тіледі.

Бұл жобаның басты міндетті - Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған Сыртқы саясатының тұжырымдамасына сәйкес адам құқықтары, гуманитарлық дипломатия салаларындағы басымдықтардың бірі ‒ шет елдердегі қазақ қауымдары жинақы тұратын жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін дамытуды, олардың тарихи отанымен таныстыру.