Инновациялық-эксперименттік қызмет, әлеуметтік / білім беру жобаларына қатысу
2022-2023 ж. (қалалық деңгей ) - 2022-2023 оқу жылында «Әдістемелік орталық» қолдауымен №2 Өнер мектебінде "Қосымша білім беру жүйесінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыстың ерекшеліктері" тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі мақсаты - Қосымша білім беру жүйесінде ЕББҚ бар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылармен жұмыс атқаратын педагогтер мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету, осы саладағы мамандардың ақыл-кеңесін алу,әдіс-тәсілдерімен бөлісу.
Жоба бағыттары
1.Қосымша білім беру жағдайында инклюзивті білім беру жолдары;
2. Дефектолог, логопед, психолог мамандардан қолдау;
3. «Инклюзивтік үштік» одағын құру, серіктестіктер табу.
Бұл жобаның басты міндетті - қала мектептері педагогтеріне арнайы мамандарымен пікір алмасуына орта құрау және дәстүрлі түрде өткізіп отыру.