Участие в инновационной и экспериментальной деятельности, социальных/образовательных проектах
2022-2023 ж. (қалалық деңгей ) - 2022-2023 оқу жылында «Әдістемелік орталық» қолдауымен №2 Өнер мектебінде "Қосымша білім беру жүйесінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыстың ерекшеліктері" тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі мақсаты - Қосымша білім беру жүйесінде ЕББҚ бар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылармен жұмыс атқаратын педагогтер мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету, осы саладағы мамандардың ақыл-кеңесін алу,әдіс-тәсілдерімен бөлісу.
Жоба бағыттары
Қосымша білім беру жағдайында инклюзивті білім беру жолдары;
Дефектолог, логопед, психолог мамандардан қолдау;
«Инклюзивтік үштік» одағын құру, серіктестіктер табу.
Бұл жобаның басты міндетті - қала мектептері педагогтеріне арнайы мамандарымен пікір алмасуына орта құрау және дәстүрлі түрде өткізіп отыру.