Хабарландырулар
“Қыз еркем,анасымен көркем”
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында “Қыз еркем,анасымен көркем” атты мектепішілік сайыс өтеді. Келіп тамашалаңыздар
Толығырақ
1
28.02.2026 жылы өтетін Ашық есік күніне шақырамыз
«Арт-Тұмар» сәндік қолданбалы өнер орталығында ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіздер балалардың сабақтарын көріп, педагогтермен жақынырақ танысып, түрлі шеберлік сағаттарына қатыса аласыздар.
Өтетін күні: 28 ақпан, 2026 жыл
Басталуы: 10:00
Толығырақ
2
Құрметті ата-аналар, педагогтер, оқушылар! Сіздерді №2 өнер мектебінің ашылғанына 21 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Алтын ұя мектебім» атты өнер апталығының ашылу салтанатына шақырамыз!
Толығырақ
3
2026жылдың 31 қаңтар күні Мектепішілік «Дала сазы» ансамбльдер сайысы өтеді.
31.01.2026
Мектепішілік «Дала сазы» ансамбльдер сайысы өтеді
Жауаптылар:
Н.Айжарыков
Қ.Жанназаров
Ж.Нахаева
Толығырақ
4
2026 жылдың 27 қаңтар күні сағат 10.00 «Қазақы болмыс-әдептілік үлгісі» атты тәрбие сағаты өтеді.
«Қазақы болмыс-әдептілік үлгісі» тәрбие сағаты
Жауаптылар:
Ж.Нахаева
Н.Хурметбек
М.Абдықадыр
Толығырақ
5
Родительское собрание
10 октября в 18:00 в актовом зале пройдёт общешкольное собрание. Просим присутствовать всех родителей.
Толығырақ
6
Жаңалықтар
2 наурыз күні әдістемелік кеңес отырысы
2025-2026 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 02 наурыз күні әдістемелік кеңес отырысы өтті.
04.03.2026
«Қыз еркем, анасымен көркем»
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай №2 Өнер мектебінде «Қыз еркем, анасымен көркем» атты мектепішілік өнер сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды
04.03.2026
«Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер»
2026 жылдың 23-27 ақпан арасында Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 өнер мектебі» ШЖҚ МКК жоспарына сәйкес «Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» атты мектепішілік әдістемелік апталық өз жұмысын бастады. Әдістемелік апталықтың мақсаты: жас мамандарға педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету, педагогикалық қарым-қатынас түрі, сабақтың мақсатын қоя білу, өзара сабақтарға қатысу жетістігін анықтау
25.02.2026
«Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» тақырыбындағы мектепішілік әдістемелік апталық туралы ақпарат
2026 жылдың 24 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 өнер мектебі» ШЖҚ МКК жоспарына сәйкес «Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» атты мектепішілік әдістемелік апталықтың 2 –ші күні «Мен және ғаламтор» TEDx форматында педагог-тағылымдамашы Акимжанова Б.Р. жас мамандарға цифрлық этикет, киберқауіпсіздік, ақпараттық сауаттылық туралы практикалық ақпарат берді. Педагогтер жас мамандарға өз пікірлерін айтты, өз ойларын ортаға салды.
25.02.2026
«BiArt» атты мектепішілік би сыныптарының оқушылары арасында өнер байқауы
21 ақпан күні №2 өнер мектебінде «BiArt» атты мектепішілік би сыныптарының оқушылары арасында өнер байқауы өтті.
23.02.2026
“Daryn” байқауы
VII Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының “Daryn” байқауы
ІІ орын Нұрбек Нұрасыл
ІІ орын Аманболған Әдия
Жетекшісі: Қазкенова Гүлімай
23.02.2026
Республикалық “Дарын” байқауы
Республикалық “Дарын” байқауына дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Зандыбай Айдын 1 орынға ие болды. Жетекшісі:Зауре Жакешова
23.02.2026
«Қосымша білім беру педагогінің жұмысындағ цифрлық және ЖИ-құралдары» тақырыбы
2026 жылдың 20 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтерінің арасында «Қосымша білім беру педагогінің жұмысындағ цифрлық және ЖИ-құралдары» атты семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты: Педагогтердің білім беру қызметінде жасанды интеллекті пайдалануды ұйымдастыру және педагогтің цифрлы құзыреттіліктерін белсенді дамыту.
23.02.2026
«Шабыт сәулесі» атты шығармашылық-танымдық сағат өтті
Бүгін «Шабыт сәулесі» атты шығармашылық-танымдық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қолөнер мен киім дизайнының негізгі бағыттарымен таныстыру, қайта өңделетін материалдарды тиімді пайдалану арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ұлттық және заманауи сәнге қызығушылық қалыптастыру.
19.02.2026
«Музыка әлеміне саяхат»
19.02.2026
«SahnaVibe» атты мектепішілік театр өнері байқауы
№2 өнер мектебінің 21 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған апталық аясында №2 өнер мектебінде оқушылар арасында «SahnaVibe» атты мектепішілік театр өнері байқауы жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, көркем сөз оқу мен актерлік шеберлігін арттыру.
Байқау 3 кезең бойынша ұйымдастырылды:
🎤 «Поэзия оқу»
😂 «Сықақ әңгіме немесе мысал оқу»
🎬 «Қызықты контент – видео»
Оқушылар өз өнерлерін шеберлікпен көрсетіп, сахнада еркін ойнап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
19.02.2026